03 маусым 2021 15:26

QazVaс-ты шетелде мойындау мәселесін кім шешеді? Министр жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVaс вакцинасын саяхаттау үшін шетелде мойындау мәселесін Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) шешеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шетелге қатысты және нақты QazVac бойынша бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Біз вакциналау төлқұжатын жасадық, eGov Mobile-да шығарып алу мүмкіндігі бар. Қазір мұндай шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдады. Сондай-ақ, емханалар тұрғындар өтініші бойынша төлқұжатты шығарып бере алады. Егер елшіліктерде немесе басқа жерлерде қағаз құжат талап етілсе, онда оларға беріледі", - деді Мусин ОКҚ-да.

Оның айтуынша, халықаралық деңгейде мойындау мәселесін IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы шешеді. 

"Олар қалай шешім қабылдайды, ол қандай стандарт болады, біз сол стандартқа сәйкес келеміз. Қазір ішкі нормативтік актілер eGov Mobile-да ел ішіндегі барлық ақпарат жарамды болатындай реттелген", - деді Бағдат Мусин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети