ҚР қорғаныс министрі "Жауынгерлік достастық-2015" оқу-жаттығуына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР қорғаныс министрі "Жауынгерлік достастық-2015" оқу-жаттығуына барды © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарағанды облысының Сарышаған полигонында "Жауынгерлік достастық-2015" оқу-жаттығуының жүргізілу барысын көріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қарағанды облысының Сарышаған полигонында "Жауынгерлік достастық-2015" оқу-жаттығуының жүргізілу барысын көріп қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері біріккен "Жауынгерлік достастық-2015" оқу-жаттығуы осы аптада басталды. Оқу-жаттығу мақсаты командирлер мен штабтардың бағынысты әскерлерді басқару мәселелерін, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге дайындалу, жауынгерлік үйлесімділік пен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде ТМД ӘШҚҚ күштері мен құралдарының жауынгерлік тапсырмаларын бірлесіп пысықтау", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Оқу-жаттығуды өткізу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары әуе нысаналары бойынша С-75, С-125, C-300, Круг және Куб зенит-зымырандық кешендерді іске қосты және әуе қарсыласын алдын ала айқындау мәселелерін пысықтады. Сол сәтте маңдайшептік авиацияның ұшақтары Су-27, Су-25, МиГ-29, МиГ-27 және МиГ-31 ұшақтарында әуе және жерүсті нысаналары бойынша басқарылатын зымырандарды іске қосуды орындады, сондай-ақ шағын биіктікте жұп құрамында өзара шартты әуе ұрысын өткізді.

"Бұл оқу-жаттығу ауқымы бойынша ғана емес, эскадрильялар мен дивизиондардың жеке құрамының шеберлігімен, сондай-ақ жерүсті қызметтердің кәсібилігімен ерекшеленеді. Жерде және әуеде өзара іс-қимыл жасай отырып, бір сапта туған еліміздің аспанын келісімді және шебер қорғай алу әзірліктеріңді растадыңдар", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Армиялық авиациямен бірлесіп ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Парашюттік дайындық орталығының жеке құрамы Ми-17 және ЕС-145 "Еурокоптер" тікұшақтарында жергілікті жерге диверсиялық-барлау тобын қондыруды орындады және ұшақтарға әуе кемесін мәжбүрлі қалдырудан кейінгі экипажды құтқару және іздестіру жүргізуді келтіру және мақсат көрсету бойынша тапсырманы пысықтады.

"Бірлескен оқу-жаттығуға 1 200-ден астам адам, 48 бірлік авиациялық техника, 6 зенит-зымырандық кешені және 15 радиолокациялық станция тартылды. Оқу атыстарына баға жетпес тәжірибе жинаған және мол практика алған жас ұшу құрамы қатысты", - деп хабарлады ведомство.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +16
П
Павлодар +18
Петропавл +16
С
Семей +18
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +18
О
Орал +15
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер