Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Рахат Әлиевтің өлімі бойынша іс қайта тергелмейді - Австрия прокуратурасы 14 ақпан 2017, 19:03

Айтуларынша, Рахит Әлиевтің қазасына сыртқы араласу белгісі жоқ.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Австрия прокуратурасы Қазақстанның экс-елшісі Рахат Әлиевтің қазасы бойынша істі қайта тергемейді, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Австриялық БАҚ-тардың мәліметінше, швейцариялық Санкт-Галленнің сот медициналық институты "Рахат Әлиевтің қазасына сыртқы араласу белгісі жоқ" деген тұжырым жасаған. "Жеке баяндамадағы "Рахат Әлиев бөтеннің қолынан қаза тапты" деген қорытынды сәйкес әдебиетті тереңірек зерттегеннен кейін сот-медициналық тұрғыда расталмайды", - делінген австриялық прокуратураның мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болған еді. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылған болатын.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram