07 сәуір 2017 11:47

Рамзан Қадыров тағы бір қазақстандық әйелге көмек көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© жеке мұрағатынан © жеке мұрағатынан

Рамзан Қадыров тағы бір қазақстандық әйелге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Рамзан Қадыров тағы бір қазақстандық әйелге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шешенстан Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Қажы Қадыровтың атындағы Аймақтық қоғамдық қор павлодарлық Анна Пономарьға 2,6 миллион теңге бөлді. Бұл қаржы Астанада өткен WFCA 35 турнирінен түскен. Ақша аудару шешімін Шешенстан президенті Рамзан Қадыров қолдады. 

"Әлеуметтік желіден әйелдің қатерлі ісікке шалынып, қымбат емге қаржы қажет болғанын білдік. Осы кезде оның 10 жастағы ұлы Валераның біздің тәрбиеленушіміз екені белгілі болды. Бұл әйелге қол ұшын созуды тәңірдің өзі қалап тұрғанын түсіндік. Біз "Ахмат" клубының президенті Абузайд Висмурадов пен басты демеушіміз Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа қайырымдылық турнирін өткізуді ұсындық. Рамзан Ахматұлы бізді қолдады", - дейді "Ахмат" клубының Қазақстандағы филиалының жетекшісі Султан Ичиев.

Павлодарлық әйел бірнеше жыл терінің қатерлі ісігімен күресіп келеді. Дәрігерлер әйелдің аяғын кесу туралы шешім шығарған. 2013 жылы Анна Израильде емделіп, аурудың беті қайтқан. Наурызда ол Тель-Авивте тексеріліп қайтты. Дәрілер қабылдап жатқанымен олардың көмегі аз. Шілде айында оған иммунотерапия тағайындалған. Ал отбасы бұл мерзімде керекті қаржыны жинай алмайтыны белгілі болды. 

"Аня барынша күресіп жатыр, күлуге тырысады. Ол қайтадан жүруді, тамақ ішуді, әр күніне қуануды үйренді. Бірақ дәрісіз жүре алмайды", - дейді әйелдің әпкесі Алина Пятина.

Израильде ем алу үшін 36,5 миллион теңге қажет. Қазіргі кезде 13 миллион жиналған. Анна мен күйеуі екі баланы тәрбиелеп отыр. 

"Рамзан Ахматұлы және біз Аннаның сырқатын жеңіп, Қазақстандағы WFCA-ның келесі Лигасын өз қолымен салтанатты түрде ашатынына сенеміз", - дейді Ичиев.

Еске салайық, қаңтарда Рамзан Қадыров 8 жастағы байқоңырлық Элиф Нұржанованың есебіне 10500 доллар аударған болатын. Бұл қаржы Ыстамбұлда ота жасауға қажет болған. Шешенстан президенті Элиф туралы Instagram желісінен білген.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети