06 мамыр 2022 12:36

Референдум кезінде Ashyq қайта қолданылуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 5 маусымда өтетін референдумда дауыс беру үшін Ashyq қолданбасын қайта пайдалануы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар 5 маусымда өтетін референдумда дауыс беру үшін Ashyq қолданбасын қайта пайдалануы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Референдум 5 маусымда, яғни бір айдан кейін өткізілетінін ескере отырып, референдум өткізілетін күні қандай алдын алу шаралары болатыны мемлекеттік санитария дәрігерінің жеке қаулысында көрсетіледі және әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Эпидемиологиялық жағдай күрделенсе, аумақтық референдум комиссиясының мүшелерін вакцинация туралы құжаттық растамасы болса ғана сайлау учаскелеріне жіберуге бағытталған қосымша шаралар енгізіледі", - деді Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда қолданылатын қосымша шараларға сайлау учаскелеріне кіреберісте Ashyq қосымшасын қолдану, сондай-ақ маска тағу режимін сақтау, дезинфекция құралдарын қолдану, әлеуметтік арақашықтықты сақтау кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети