24 қаңтар 2020 13:21

Реформа қажет - Президент мемқызметкерлердің жұмысы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін елордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

"Бізге мемлекеттік аппараттың құрылымын - оларға қойылатын міндетті анықтау керек. Мұнда реформа қажет болады. (...) Басты мәселе - мемлекеттік қызметкерлердің менталитеті мен стилі. Олар нәтиже үшін жұмыс істеуі қажет. Жауапкершілікті басқа біреудің мойнына іліп қоюға болмайды. Енжарлық пен жігерсіздік, батылсыздық. Мұндай жауапкершілігі мол жұмысқа енжар қарауға болмайды", - деді Президент шенеуніктерге.

Президент Алматы облысы әкіміне: Барып тексеремін

Еске салайық, Тоқаев мұның алдында үкіметтегілерге ескерту жасаған болатын. "Реформаларды жүзеге асыру қарқыны баяу жүріп жатқанын мойындау керек. Сондықтан еліміздің экономикасы үшін реформалардың бағдарламаларын әзірлеу маңызды деп санаймын. Бізге негізгі проблемаларды шешуге әсер ететін жаңа экономикалық бағам қажет. Реформаларды жүзеге асыру үшін шешім қабылдай білу қажет. Сондықтан мен үкіметті шешім қабылдауға шақырамын", - деген еді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети