14 наурыз 2022 17:23

Ресейде McDonald's жабылды: желі мейрамханалары Қазақстанда қалай жұмыс істейді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

McDonald's мейрамханалар желісінің өкілдері Ресейдегі бизнестің уақытша тоқтатылуы аясында мейрамханалар Қазақстанда қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


McDonald's мейрамханалар желісінің өкілдері Ресейдегі бизнестің уақытша тоқтатылуы аясында мейрамханалар Қазақстанда қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 14 наурыздан бастап бүкіл Ресейде McDonald's мейрамханалары жұмысын уақытша тоқтататыны хабарланған болатын. Компания операциялық, техникалық және логистикалық қиындықтарға байланысты жұмыс тоқтайтынын атап өтті. Бұл ретте компания барлық 62 мың ресейлік қызметкерге жалақысы төленетінін мәлімдеген болатын.

Осы жағдайға байланысты ресми пікір алу үшін Қазақстандағы McDonald's желісінің өкілдеріне жүгіндік. Компания Қазақстандағы McDonald's желісі ешбір шектеусіз әдеттегідей жұмысын жалғастыратынын хабарлады. Франчайзинг өкілдерінің айтуынша, олар компанияның бірқалыпты жұмыс істеуіне, McDonald's стандарттарына сай болуға және қонақтарға қызмет көрсетуге бағытталған.

Қазақстандағы McDonald's маркетинг бөлімі Ресейден сатып алынатын кейбір өнімдерді (әңгіме котлет туралы) жеткізу жалғасып жатқанын атап өтті. Қажетті ингредиенттерді жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, мейрамхана мәзірлері өзгертілмейді. Сонымен қатар, өндірістің бір бөлігі, мысалы, нан пісіру және көкөністерді кесу біздің елде локализацияланған. Компания кез келген өзгеріс болған жағдайда хабарлауға уәде берді.

Айта кетейік, Қазақстанда 23 McDonald's мейрамханасы жұмыс істейді, олар 6 қалада орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети