24 қыркүйек 2019 14:26

Ресейде салымшылардан 160 миллион рубль жымқырған әйел Ақтөбе облысында ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жедел іздестіру іс шарасын жүргізу барысында Ақтөбеде ресейлік полицейлер іздеуге салған алаяқ қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы полиция департменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жедел іздестіру іс шарасын жүргізу барысында Ақтөбеде ресейлік полицейлер іздеуге салған алаяқ қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы полиция департменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақтөбе облысы Алға ауданының 59 жасар тұрғыны Ресейдің Челябі облысы Магнитогорск қаласындағы "УралСИБ" Ақционерлік қоғамының банк шотынан ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін іздестірілді. Күдікті бір салымшыдан 155 миллионнан аса ресей рублін, екіншісінен 5 миллион рубльді есеп шоттан шешіп алған. Кейін оған мемлекетаралық іздестіру ісі жарияланды", - делінген хабарламада. 

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Алға ауданынан анықтап, Алға аудандық полиция басқармасының тергеу изоляторына қамауға алынды. Кейін ол ресейлік тәртіп сақшыларының қолына тапсырылатын болды.

"Жедел іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде облыс бойынша барлығы 14 қылмыскер ұсталды, оның ішінде 5-еуі ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен іздестіріліп, 8 із-түссіз жоғалған азамат анықталды", - деп түйіндеді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети