25 наурыз 2021 10:07

Ресейдегі қазақстандық жұмысшылардың төбелесі: СІМ түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Мурманск облысындағы қазақстандық жұмысшылар қатысқан жаппай төбелеске СІМ түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдің Мурманск облысындағы қазақстандық жұмысшылар қатысқан жаппай төбелеске СІМ түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 23 наурызда кешке оқиғаға вахталық жұмысшылар қатысқан.

"Сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды.

Оқиға тұрмыстық сипатқа ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен адамдар арасында қазақстандықтар жоқ", - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айтуынша, Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы мәселені өз бақылауына алды.

Еске салайық, бұған дейін Мурманск облысында орналасқан Белокаменкадағы ірі тонналы теңіз құрылыстары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде ("НОВАТЭК" жобасы) жұмысшылар жаппай төбелескені, олардың ішінде қазақстандықтар да бары хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети