Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ресейліктер неліктен Қазақстанға жедел көшіп жатқанын түсіндірді 14 наурыз 2022, 09:22

Ресейдегі түрлі шектеуге байланысты Қазақстанға жаппай көшіп жатқан ресейліктер жедел эмиграция үшін неліктен Қазақстанды таңдағанын түсіндірді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ресейдегі түрлі шектеуге байланысты Қазақстанға жаппай көшіп жатқан ресейліктер жедел эмиграция үшін неліктен Қазақстанды таңдағанын түсіндірді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Ресейліктер айтқан себептер арасында: экономиканың жеткілікті дамуы, жұмыс үшін қолайлы жағдай және қолайлы көші-қон ережелері бар. 

"Мәскеуде тұратынмын, бірақ өткен аптадан бері Алматы тұрғынымын. Қазақстанға көшу себебім ел болашағына сенемін. Елдегі болашаққа Ресейдегі болашаққа қарағанда сенемін. Бүгінде Қазақстан бұрынғы КСРО елдері арасында Ресейден кейінгі ең бай ел, егер Прибалтика туралы айтпайтын болсақ", - дейді Ресей азаматы Вадим Новиков.  

Оның сөзінше, көбіне "интернетті жергілікті болып, жұмыс істеу және көңіл көтеру әлдеқайда қиын болады" деп қорыққан.

"Ең жаманы - шекараны жауып тастауы мүмкін еді. Мен Ресейден кетпес едім. Сондықтан Қазақстанда бір айдай боламын деп шештім", - ресейлік азамат. 

Биыл жыл басынан бері тоғыз мыңға жуық Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған. Статистика бойынша әзірге ақпандағы жағдай белгісіз. Былтыр эмиграция көрсеткіші де сондай болған. Былтыр жыл басында 8 700 ресейлікке Қазақстанда тұруға рұқсат берілген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram