Бірнеше адамды өлтірген алматылық атқыш Руслан Күлекбаев сотта өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Нақтырақ айтқанда, Күлекбаев полицияның бірнеше қызметкерін және бейбіт тұрғындарды өлтіргенін мойындады. Бірақ ол бұл ісіне өкінбейтінін мәлімдеді.
Бірнеше адамды өлтірген алматылық атқыш Руслан Күлекбаев сотта өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Нақтырақ айтқанда, Күлекбаев полицияның бірнеше қызметкерін және бейбіт тұрғындарды өлтіргенін мойындады. Бірақ ол бұл ісіне өкінбейтінін мәлімдеді.
Ол "Аят" қонақүйінің маңында жезөкшені өлтіргенін мойындады. Сондай-ақ, алматылық атқыш терактіні қалай жасағынын толықтай айтып берді. Айтуынша, ол жезөкшені өлтіргеннен кейінгі келесі күні, 18 шілдеде таңғы уақытта Шәріпов көшесіндегі Алмалы аудандық сотына келген.
"(...) Мен намаз оқып, сот ғимаратының алдында күтіп тұрдым. Прокурорлар мен судьяларды күттім. Себебі олар Аллахтың заңын ұстанбайды, әділетсіз соттайды. Таңғы уақытта сот ғимаратына адамдар келе бастады, бірақ кіріп жатқандардың барлығы бейбіт тұрғын болды, сондықтан оларды атпадым. Себебі бейбіт тұрғындарды атқым келмейді. Осы себепті Алматы аудандық ішкі істер басқармасына қарай кеттім. Ол жақта телефонмен сөйлесіп тұрған адамды көрдім. Әңгімесінен оның полицей екенін ұқтым. Оған оқ аттым. Кейін ішкі істер басқармасына кірдім. Өткізу пунктіндегі адамды көрдім. Ол еңкейіп, қаруға қол созған. Оған да оқ аттым", - дейді Күлекбаев.
Айтуынша, ол аудандық ІІБ ғимаратына кіріп, ешкімді таппаған. Күлекбаев көшеге шығып, көлік тоқтатып, жүргізушіге айтқан жағына жүруін мәжбүрлеген.
"Мен оған тіке барма деп айттым. Патруль бар жерде тоқта дедім. Қаланы жақсы білмеймін. Патрульді көрдік, оларға көліктен оқ аттым. Кейін Байзақов көшесінің бойымен жоғары көтеріліп, тіке жүрдік. Ол жақтан тағы бір патрульді көрдік. Оларға да оқ аттым, олар қарсы оқ атты. Атыс басталды, екі полицейді өлтірдім", - деп әңгімеледі Күлекбаев қанды оқиғаны.
Айтуынша, осыдан кейін ол бейбіт тұрғынды кездестіріп қалған. Ол ІІД зейнеткері болып шыққан. "Оның қолынан құжаттарды көрдім. Ол бейбіт тұрғын екенін айтты. Бірақ қалтасынан қызметтік куәлігін көріп қалдым. Оны да аттым", - деді атқыш.
Осылайша, Күлекбаевтің айтуынша, ол Шекара қызметінің қызметкерін осылай өлтірген. Кейін, сотталушының айтуынша, ол такси тоқтатып, Абылай хан даңғылына қарай кеткен. Сол жақта ол тағы бір патруль көлігінде отырған полицейлермен атысқан. "Ең соңғысы Ғалиев Аян болды. Ол маған бірінші болып оқ атты. Онымен де атыстым. Ол маған оқ тигізді, мен де оған оқ тигіздім", - деді Күлекбаев.
Күлекбаев бұл ісінің себебі деп полицейлердің "дұрыс жолда" жүрмегенін атады.
Алайда Руслан Күлекбаев бизнесменге шабуыл жасады деген айыптауды мойындамады.