27 шілде 2016 12:21

Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына Ұлттық гвардияның сарбаздары қосылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сафар Шәкеев. © Facebook Сафар Шәкеев. © Facebook

Іс-түссіз жоғалып кеткен Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына ҚР Ұлттық гвардиясының сарбаздары қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.


Іс-түссіз жоғалып кеткен Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына ҚР Ұлттық гвардиясының сарбаздары қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Осыған дейін Сафар Шәкеевті іздестіру жұмыстарына тікұшақтың тартылғаны туралы айтылған болатын. "Қазір біз Сафар Шәкеевті іздестіруге тікұшақтарды жібереміз. Тікұшақ камерамен қамтамасыз етілген. Ол Алматы облысының аумағын, сондай-ақ су қоймаларынан іздестіреді. Одан кейін мамандар камерадағы бар мәліметті  зерттейді", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полицияның басқармасының басшысы Зиадин Жанболат.

Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта Шакеевті іздестіру жұмыстарына 200-ден аса адам жұмылдырылды. Осыған дейін іздестіру жұмыстарының таулы аймақтарда болғандықтан оларға жергілікті тұрғындар жылқыларын бергені жайлы айтылған болатын. Қазіргі уақытта бес полицей жылқымен Бағанашыл мен Ремизовка аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Сафар Шәкеевтің анасы ұлының жоғалуына қатысы болуы мүмкін деген адамдарға үндеу жасаған еді. "Ұлымды ұстап отырған біреулер болса, айтарым, бүкіл отбасымыз сіздерге ешқандай шара қолданбайды. Тек қалада кез келген аялдамаға немесе басқа бір жерге тастап кетсеңіздер болғаны. Анасы ретінде мені түсінулеріңізді сұраймын", - деді анасы Жібек Шәкеева. 

Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. Ертеректе Шәкеевті іздестіруге 50-ге жуық полицей жұмылдырылған мобильді топтардың жұмыс жасап жатқандығы хабарланған. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Оны көргендер мен мәліметі барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (747) 626-48-54, 8 (701) 787-88-87, 8 (775) 478-87-71.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети