Сағынтаев Алматының бас полицейіне ескерту жасады

18 Қараша, 12:46
0
Сағынтаев Алматының бас полицейіне ескерту жасады - © bagnet.org
© bagnet.org

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бас полицейіне - Полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

17 қазанда кешкі уақытта Бақытжан Сағынтаев еш ескертусіз "Атакентте", "Мерей" СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди саябағында орналасқан мобиль пункттерді тексерді. Тексеру нәтижесін қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. 

"Полицияның мобильді постылары жөніндегі бастаманы жақсы қабылдаған қалалықтар өз жазбаларында учаскелік инспекторлардың постылардан көрінбейтініне шағымдануда. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы Серік Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды. Атқарылатын жұмыстар жөнінде қалалықтардың ескертулері назарға алынады. Алматылықтардың қауіпсіздігі - біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі", - деп жазды қала басшысы. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай