Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында екі сағат ішінде 52 сұрақ қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында екі сағат ішінде 52 сұрақ қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мегаполис аудандарының тұрғындарымен кездесуді жалғастырудамын. Бүгін Жетісу ауданында екі сағат ішінде 52 адам өздерінің сұрақтарын қойды. Түрлі мәселелер көтерілді: тұрғын үйді жекешелендірумен қатар ауруханаларда мамандардың жетіспейтіндігіне дейін айтылды. Бірінші кезекте біз балалардың мектепке дұрыс қатынауы үшін жағдайлар жасаймыз. Ал, қоғамдық қауіпсіздікке келетін болсақ, бұрын да айтқанымдай, криминалды аудандарда қажетті қондырғылармен жабдықталған полицияның мобильді пункттері орнатылады. Ертең оның алғашқысы іске кіріседі", - деп жазды қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, Монополистердің жұмыстарына қатысты көптеген сауалдар қойылды: жарықтың мезгілсіз сөніп қалуы, тұрғындардың ГРҚ-дегі газдың исінен тәулік бойына терезелерін ашып қоюы.
"Қазіргі кезде мәселені шешу жолдарын қарастырудамыз. Пайдалы диалог орнықты, кездесу кезінде айтылған бірде-бір өтініш немесе қағаз жүзінде берілген сауал жауапсыз қалмайды", - деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.