Сағынтаев Назарбаевтың бес бастамасын орындайтын жауаптыларды тағайындады

06 Наурыз 2018, 11:27
7
Сағынтаев Назарбаевтың бес бастамасын орындайтын жауаптыларды тағайындады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік жобасын орындайтын жауаптыларды тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Бақытжан Сағынтаев министрлерге Қазақстан Президенті атаған бастамалар жайлы айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, кеше Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жүзеге асырылуы тиіс әлеуметтік жобалар жайлы айтты. Үкіметтегілерге нақты тапсырмалар берілді. Әрбір бастамада халық үшін өзекті әрі маңызды мәселелер бар. Біз барлық күш-жігерімізді cалып, бізге берілген тапсырмаларды орындауымыз тиіс", - деді премьер-министр.

Кейінірек премьер-министр Президенттің бастамаларына толығырақ тоқталып, оларды орындауға жауапты адамдарды тағайындады. Сағынтаев бірінші бастама ("Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру") ипотекалық тұрғын-үй мәселесіне тоқталды.

"Инвестициялар және даму министрлігі, ұлттық экономика министрлігі мен "Бәйтерек" холдингіне осы бастама бойынша жұмыс істеу керек. Жаңа ипотекалық бағдарлама тұрғын-үй құрылысы қосымша күш береді, сондықтан да мұнда отандық өндірушілерді жұмылдыру қажет. Бұл бағдарлама Ұлттық банк жауап беретін болады. Сондай-ақ, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек", - деді Сағынтаев.

Екінші бастама бойынша ("Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту") жұмыстарды Ұлттық экономика министрлігі, қаржы министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атқаратын болады. Бұл бастамаға ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жауапты.

Үшінші бастамаға ("Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту") жауапты ретінде Сағынтаев Білім және ғылым министрлігін, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі мен әкімдіктегілерді тағайындады.

Төртінші бастама ("Шағын несие беруді көбейту") шағын несиелер мәселесі жөнінде Сағынтаев  жауапты ретінде министр Әбілқасымова, Досаев пен Шүкеевті (премьер-министрдің орынбасарлары) тағайындады.

Ал бесінші бастама ("Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру") газдандыру мәселесі бойынша премьер-министр Энергетика министрлігі, Қаржы, Ұлттық экономика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, әкімдіктегілер мен "Самрұк-Қазына" және "Бәйтерек" холдингінің қызметкерлеріне тапсырма берді.

"Бір апта уақыт ішінде жұмыс тобын құрып, Қызылорда - Жезказған- Қарағанды - Теміртау - Астана" бағыттарында газ құбырын қаржыландыру мәселесін қарастырып, сол арқылы осы мәселеге қажетті халықаралық қаржы институттарын тарту. Бұл мәселеге жауапты - министр Бозымбаев. Асқар Мамин бақылау жүргізеді (премьер-министрдің бірінші орынбасары)", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, кеше, 5 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеу жариялаған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай