23 тамыз 2021 11:05

Сағынтаев Тоқаевқа "Жаңа Алматы" бағдарламасын көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда сайтынан Фото: Ақорда сайтынан

Мемлекет басшысы Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін "Жаңа Алматы" бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалыптастырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қалуға бағытталуы қажет екенін айтты. Президент құрылып жатқан жаңа саябақтар жергілікті тұрғындардың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қала басшысына әр ауданда тұрғындардың демалысы мен еркін жүріп-тұруына қолайлы заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети