18 қаңтар 2022 16:22

Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео шабуыл жасалған сәтте көлік ішінен түсірілген. Кадрлардан кенеттен көлікке белгісіз біреулер оқ жаудырғаны көрінеді және атыс анық естіледі. Осы сәтте көліктер кері бұрылып, қашуды ұйғарады.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видео 2022 жылы 6 қаңтарда түсірілгенін растады.

"Тергеу іс-шаралары жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады", - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған!

Еске салайық, 6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Кортеж Алматы қаласы әкімдігі ғимаратына қарай бет алған кезде белгісіз біреулер оқ жаудырған.

Салдарынан "Алматы" телеарнасының қызметкері, жүргізушісі Мұратхан Базарбаев қаза тапты. Телеарна операторы Диаскен Байтибаевтың қолына оқ тиіп, екі саусағынан айырылған.

Сағынтаевтың кортежіне жасалған шабуыл: "Алматы" директоры оқиғаның мән-жайын айтты

Алматы әкімінің жүргізушісі мен әкімдіктің екі қызметкері де зардап шекті: олар Спорт басқармасының басшылары Рүстем Байсейітов пен Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов.

"Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдік пен алаңды тазартқанда, штабтағы әріптестерім әкімдік ғимараты мен алаңға қарай шықты. Сол жерде бізге оқ атты, жан-жақтан оқ жаудырды. Артымыздан қуды. Бізді күтіп отырған. Олар қайда баратынымызды білген", - деді Сағынтаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети