"Салтанат қолымды қатты қысты". Бишімбаевтың інісі Нүкенова қайтыс болған күн туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Соттың баспасөз қызметі Фото: Соттың баспасөз қызметі

Сотта Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың айтуынша, Салтанат Нүкенова өлер алдында оның қолын қатты қысып ұстаған. Қазір Байжанов бұл оның көмекке шақыру белгісі болды ма деп болжайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сотта Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың айтуынша, Салтанат Нүкенова өлер алдында оның қолын қатты қысып ұстаған. Қазір Байжанов бұл оның көмекке шақыру белгісі болды ма деп болжайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақытжан Байжановтың айтуынша, Bau мейрамханасына келгенде Бишімбаев Салтанат екеуі болған VIP-кабинаға көрпе әкелуді сұраған.

"Мен көрпелерді бергеннен кейін есіктің алдында күттім. Екі минуттан кейін Бишімбаев мені шақырып: "Біз үйге барамыз, көмектес" деді. Сол кезде ғана кабинаға кірдім. Салтанаттың тынысы сәл жылдамырақ, қатты болды. Мен ол жай ғана ұйықтап жатыр деп ойладым. Шынымды айтсам, ол кезде мен оған аса мән бермедім, өйткені олардың түні бойы ұйықтамай, ішімдік ішкендерін білдім. Мен оны қатты шаршаған болар деп ойладым" - деді Байжанов сотта.

Одан кейін Бишімбаевпен бірге Салтанат Нүкенованы көтерген. Осы кезде Байжанов оның бетінің көгергенін көреді.

"Мен кабинаға кірген соң, Бишімбаев екеуміз Салтанатты сүйеп, көтердік. Сол кезде Салтанат орнынан тұрмақ болып, қолымды қысты. Ол басын сәл көтерді, тік ұстады деуге болады. Қолымды қатты қысты - қазір мен ойлаймын, мүмкін ол көмек сұрағысы келген болар, қандай да бір белгі (беру - еск.). Мен білмеймін. Мұны да ойлаймын. (...) Салтанатты көтергенімізде, Бишімбаев тұраққа түсуіміз керек деді. Көлігім сыртта тұрғанын айттым. Сосын көлікті тұраққа түсір деді. Салтанатты диванға қайта жатқызып жатқанымызда оның сол жақ көзі ісіп, қызарып кеткенін байқадым. Басқа ерекше ештеңе байқамадым. Әрине, анықтап қарай алмадым. Оның үстіне күйеуі қасында болды", - деді Байжанов өз куәлігін оқып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer