27 желтоқсан 2023 09:10

Салтанат Нүкенованың өлімі: Бас прокуратура тергеу барысы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған сурет Әлеуметтік желіден алынған сурет

Бас прокуратура әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, бүгінде Қуандық Бишімбаев қамауда отырғаны айтылған.

"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген Бас прокуратура жауабында.

Бап 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сонымен қатар, Бас прокуратура тағы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қылмыстық Кодекстің 432-бабы ("Қылмысты жасырып қалу"), ҚК-нің 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") және ҚК-нің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деп толықтырды қадағалау органы.

Олар қылмыстық істердің тергеу сатысында екенін және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети