08 маусым 2022 14:12

Салық қызметкерлері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы шектеулерді түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында болған жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында болған жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың басында Қазақстаннан көлемі 20 литрден асатын бензинді әкетуге шектеулер алынып тасталды. Алайда, ел билігі жаңа тыйым дайындап жатыр. 

"Өткен жылдың қарашасының басында энергетика және қаржы министрлері, сондай-ақ, ІІМ және ҰҚК басшылары өз бұйрықтарымен шектеулер енгізді. Олар Қазақстан аумағынан бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуға қатысты шешім қабылдады. ЖЖМ-нің осы түрлерін газ бактарында және көлемі 20 литрден аспайтын ыдыстарда алып шығуға болды. Шектеулер алты айға енгізілген еді.

Бұл бұйрық тыйым салу мерзімінің аяқталуына байланысты күшін жойды. Қазіргі уақытта жаңа бұйрық қолданысқа енгізілмеген, ол үшін мемлекеттік органдардың келісімі керек. Осыған байланысты жекелеген ыдыстарда бензин әкетуге шектеулер жоқ", - деді МКК-да.

Сондай-ақ, жаңа бұйрық бензин бактарындағы көлемді қоспағанда, көлемі 20 литрден асатын бензин мен басқа да мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети