05 наурыз 2019 17:11

Сапарбаев әлеуметтік көмек берудің қалай жеңілдейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 шілдеден бастап аз қамтылған отбасыларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті құжаттар тізімін қысқартады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда 1 шілдеден бастап аз қамтылған отбасыларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті құжаттар тізімін қысқартады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2019 жылдың 1 шілдесіне дейін қажетті құжаттар пакеті сегіз пункттен тұрады: отбасының әрбір мүшесінің жеке куәлігі, жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтері, банктік шот нөмірі, балалардың туу (қайтыс болу) туралы куәлігі, неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік, жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу алынғаны туралы өтініш, еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), білімі, білігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаты (бар болса).

Министрлік талап етілетін құжаттар тізбесін қысқартады. 2019 жылдың 1 шілдесінен кейін отбасы үшін құжаттар пакеті бір құжаттан тұрады - жеке куәлік.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қажетті құжаттар жинаумен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Кейін олар мәліметтерді базаға енгізетін болады. 

Еске салайық, Президент Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы аналарға көмек көрсетуді күшейтуді тапсырған еді. "Үкіметке аз қамтамасыз етілген отбасыларды, әсіресе көпбалалы отбасыларды қамтуды кеңейту үшін атаулы көмек көрсету критерийлерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызға дейін (14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін) арттыруды тапсырамын", - деген болатын Мемлекет басшысы.

Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 20 789 теңгеден беру - 2019 жылдың 1 шілдесінен басталады.

Сонымен қатар, үкіметке көп балалы отбасылардан шыққан аз қамтылған отбасылар үшін 40 мыңнан аса жалға берілетін пәтер салу тапсырылды. Сондай-ақ, Қазақстанда "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жүйесінің 2-3 пайызымен тұрғын үй қарыз беру жүйесі құрылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети