1 маусым - Халықаралық балаларды қоғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысанды аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1 маусым - Халықаралық балаларды қоғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысанды аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1. Алдымен аймақ басшысы жастармен Birgemiz: Asyl mura орталығында кездесті, онда олар ерікті болудың қыр-сырын үйренбек.
Жастар бастамаларының орталығында еріктілердің жұмысын үйлестіруге арналған алаң бар, фронт-офис жұмыс істейді, онда жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша кеңестер беру жұмыстары жүргізілуде. Орталықта 60 адамға арналған бөлме (кабинет), кинозал, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану орны және жастарға қызмет көрсету орталығы бар.
Кездесу барысында облыс әкімі карантин кезінде "Біз біргеміз" ұранымен мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді.
2. Инклюзивті балалар ойын алаңшасы
"Дара" қайырымдылық қорының қолдауымен құрылысы жүргізілген. Инклюзивтік ойын алаңшасының бірегейлігі-оның барлық компоненттері әмбебап дизайнды және отандық өндіруші кедергісіз орта талаптарын ескере отырып арнайы әзірленген. Жаңа алаңның ойын элементтері - карусель, құмсалғыш, төбешік, интерактивті панельдер көптеген басқа элементтер барлық балаларға қызықты ойнау үшін жобаланған. Инклюзивті алаңы балалардың бірге белсенді уақыт өткізіп, олардың дамуына оң үлесін тигізеді. Ойын алаңы қаланың ашық аумағында орналасқан. Бұл қала тұрғындарының, әсіресе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпыға қолжетімді орында бос уақыттарын өткізуге мүмкіндік береді. Бұл алаң даму ерекшеліктерімен балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, қалалық инфрақұрылымды жайластыру үлгісі бола алады.
3. Тараз қаласы, "Қаратау" (2), шағын ауданындағы балалар ойыны алаңы және спорттық кешені
Алаңдарды «Менің Елім» бағдарламасы аясында Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры орнатты.
Әмбебап алаңдарды орнатудағы мақсат - ашылған алаңдар тұрғындарға, әсіресе жас ұрпаққа, өз әлеуетін іске асыруға және жаңа биіктерді бағындыруға серпін береді.
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 психологиялық-педагогикалық түзету орталығы.
"ДАРА" қайырымдылық қорының "Қазақстанда әралуан, бірақ тең инклюзивті қоғам құру!" жобасы аясында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету мақсатында "Дара" қайырымдылық қорының демеушілігімен ағымды жөндеуден өткізіліп, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашуға бейімделіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Кабинеттерде дефектолог, логопед мұғалімдері, педагог-психолог мамандары, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, ЕДШ нұсқаушысы, медбике-массажист, әдіскер мамандары қызмет етеді.
Алдағы уақытта "Жайлау" (3), "Салтанат" (4), "Талас" (6), "Самал" (7), "Алатау" (8) шағын аудандарында тұратын, қазіргі уақытта №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барып жүрген 150 балаға қызмет көрсетілетін болады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Как вам дизайн сайта Tengri News?Пройти опрос