Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Сара Назарбаева әлеуметтік желі арқылы отбасылық эксклюзив суреттерді жариялады

06 Желтоқсан 2014, 10:28
2
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева. © instagram.com/sara_nazarbayeva
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева. © instagram.com/sara_nazarbayeva

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жары Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді. Сара Назарбаева өзінің аккаунтындағы алғашқы отбасылық суретті 1 желтоқсан, яғни Тұңғыш Президент күні жариялаған.

"Күлкі - сенің өмірлік стилің", - деп жазады ол алғашқы суреттің астына.

Осыған дейін Сара Алпысқызының парақшасында бар болғаны сегіз сурет жарияланыпты. Соның бірнешесі - эксклюзивті сурет. 

Оның бірі - отбасылық сурет. Бұл суретте Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі, Сара Алпысқызы, сонымен бірге үш қызы, яғни Дариға, Динара, Әлия және немерелері, Тимур Құлыбаев пен Елбасының бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің суреттері бар.

Тағы бір ескі сурет көрерменнің назарын еріксіз өзіне аударады.  "Біздің жастық шақ", - деп жазады аталмыш суреттің астына Сара Назарбаева.  

Мына сурет те отбасылық мұрағатта жиі кездесе бермейді. 

Қазір Сара Назарбаеваның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына 436 қолданушы тіркелген. 

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысына қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. 1992 жылы қайырымдылық жасау мақсатында республикалық сәбилерге арналған "Бөбек" қорын құрды, содан бері аталмыш қордың президенті. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай