ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 17:40
Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады
Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған видео үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған видео үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімі күдіктінің ұсталғанын, қазір барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатқанын айтты. Қыз ата-анасымен үйде. Өңір басшысы баланың денсаулығын үздік мамандар қадағалайтынына сендірді.
"Өкінішке орай, Сәтбаевта оқиға орын алған түні кінәсіз адамдарға зиян келтірілген. Тәртіп бұзушыларды тоқтату үшін жеке құрам оқиға орнына жұмылдырылды. Мен заматтарымыздың жүрегінде наразылық толы екенін түсінемін және келісемін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да эмоцияларымызды ұстап, болған жағдайды құқықтық алаңда қарауымыз керек", - деді Жеңіс Қасымбек.
Ол сондай-ақ тергеу аяқталғаннан кейін кінәліні қатаң жаза күтіп тұрғанын атап өтті.
Еске салайық, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары іздеген. Жоғалған қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған. Онда ер адам болған. Қыздың неге онда болғанын полиция қызметкерлері анықтауы керек.
Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғалар: Тоқаев нақты ақпарат беруді тапсырды
Артынша, жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаға қатысты пікір білдірді. ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также