Сәтбаевтағы зорлау оқиғасы: Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан кадр Видеодан кадр

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған видео үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған видео үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі күдіктінің ұсталғанын, қазір барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатқанын айтты. Қыз ата-анасымен үйде. Өңір басшысы баланың денсаулығын үздік мамандар қадағалайтынына сендірді.

"Өкінішке орай, Сәтбаевта оқиға орын алған түні кінәсіз адамдарға зиян келтірілген. Тәртіп бұзушыларды тоқтату үшін жеке құрам оқиға орнына жұмылдырылды. Мен заматтарымыздың жүрегінде наразылық толы екенін түсінемін және келісемін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да эмоцияларымызды ұстап, болған жағдайды құқықтық алаңда қарауымыз керек", - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сондай-ақ тергеу аяқталғаннан кейін кінәліні қатаң жаза күтіп тұрғанын атап өтті.

Еске салайық, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында тұрғындар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамды тергеусіз жазалауды талап еткен. Жоғалып кеткен 5 жасар қызды оның ата-анасы мен қала тұрғындары іздеген. Жоғалған қыз қаладағы пәтердің бірінде табылған. Онда ер адам болған. Қыздың неге онда болғанын полиция қызметкерлері анықтауы керек. 

Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғалар: Тоқаев нақты ақпарат беруді тапсырды

Артынша, жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көліктерді өртегені хабарланған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиғаға қатысты пікір білдірді.  ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer