18 қазан 2023 13:44

Сауда орталығы және фитнес клубтар желісі: Боранбаевтың тағы қандай активтері мемлекетке өтті?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қайрат Боранбаевтың тағы бірнеше мүлкі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Боранбаевтың тағы бірнеше мүлкі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр.

Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан "Алмалы" сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын "Unity Hall" ЖШС. "Алматы Тауэрс" бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ, "Fitnation" фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарлануда.

Активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети