04 тамыз 2022 12:20

Щучинск-Бурабай тасжолында жаяу жүргіншілердің проекциялық өткелі сынақтан өткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ақмола облысында "Щучинск-Бурабай" тасжолы учаскесінде проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгісінің лазерлік проекциясы технологиясы сынақтан өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бурабай кентінде, яғни "Щучинск-Бурабай" тасжолы учаскесінде проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі мен жол белгісінің лазерлік проекциясы технологиясы сынақтан өтті", - делінген хабарламада.

Бастаманың артықшылықтары мен ерекшеліктері:

  • ұзақ мерзімді;
  • уақыт өте өшірілмейді және кірлемейді;
  • көрінім;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

"Бұл технология кез келген жерде байқалады. Тіпті қолайсыз ауа райында жолдарды қар басып, нөсерлі жаңбыр жауған кезде де проекция айқын көрінеді. Оның көріну қашықтығы 150 метрді қамтиды. Түнгі уақытта анық көрініп, жол қауіпсіздігін бірнеше есе арттырады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети