29 шілде 2014 13:59

Сел шайып кеткен сутаратқышты жөндеуге 64 млн теңге қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар өзеніндегі қалпына келтіру жұмыстары. ©Дмитрий Хегай Талғар өзеніндегі қалпына келтіру жұмыстары. ©Дмитрий Хегай

Талғардағы сел шайып кеткен су құбырын қалпына келтіруге 64 млн теңге қажет. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков айтты.


Талғардағы сел шайып кеткен су құбырын қалпына келтіруге 64 млн теңге қажет. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков айтты.

Оның мәліметінше, 28 шілде күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс басқармасы, сәулет және қалалық су арнасы өкілдерінің қатысуымен комиссия отырысы өтті. Зақымданған су құбырының ұзындығы 500 метр екені анықталды. "Кеше Гүлдала ауылдық елді мекеніндегі терең ұңғыманы қалпына келтіру керек деген ортақ тұжырым жасадық. Су таратқыш жүйесі бұзылған, үш насосы жұмыс істемей тұр, су сору кезінде 50% су беріледі. Су тарату құбырының сел шайып кеткен 500 метрін қалпына келтіру үшін 64 млн теңге қажет болады. Бірақ жаңбыр, сел кезінде лай су жүретін болады", - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сол себепті су ұңғымадан берілетін болса, оның құны жоғары болатынын айтады. Әзірше төрт елді мекенге 18 су тасушы жұмыс істейді. "Жаз мезгілінде су тарату жүйесінен лай су шыққан кезде Гүлдаланы терең ұңғыма сумен қамтамасыз ететін болады, ал күз-қыс айларында, су таза болған кезде, елді мекенге Талғар өзенінен тарату құбыры арқылы су беріледі", - дейді Досымбеков.

"Спутник" лагеріне дейінгі жолға уақытша жөндеу жүргізу үшін тағы 60 млн теңге сұрап отыр. Селден келген жалпы шығын әзірше есептеліп біткен жоқ", - дейді облыс әкімінің орынбасары. Еске сала кетейік, Талғар қаласында сел су тарату құбырын зақымдап кеткен болатын, соның салдарынан қаланың бір бөлігі сусыз қалды. 17 шілде күнгі табиғи апаттан зардап шеккендер болған жоқ.

Досымбековтің айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары кезінде жергілікті тұрғындар Үлкен Алматы каналындағы топтық сутаратқыш арқылы сумен қамтылатын болады. Мамандар бұл тұста тұнық су байқалған кезде су беруді іске қосатынын айтты.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети