15 шілде 2020 12:01

Семей әкімдігі тұрғындарға бір маскадан таратқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына әкімдік сыйлыққы медициналық маска берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына әкімдік сыйлыққы медициналық маска берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал блогер Яков Федоров Facebook желісіндегі парақшасында Семей қаласында жалғыз тұратын анасына қала әкімдігі бір тал масканы сыйлық ретінде бергені туралы жазған.

"Анам Семейде әкімдік көктемде айтқан адамдар санатына көмек көрсете бастады. Оларға бір маскадан таратқан. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовке көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз! Картаңыздың номерын жазып жіберіңіз, осындай көмегіңіз үшін 100 теңге аударайын. Көрсетілген көмектің көлеміне қарағанда қала әкімдігіне қазір ақша қажетірек", - дейді блогер. 

Артынша қаланың басқа да тұрғындары осы секілді сыйлық алғанын айтқан.  

Tengrinews.kz редакциясы қала басшылығынан оқиғаның мән-жайын сұрастырды. Ведомство өкілдері бұл акциямен облыстық әкімдік айналысатынын айтты. ШҚО-дағы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы масканы бірнеше рет қолдануға болатынын және отбасының әр мүшесіне берілетінін айтады. 

"Төтенше жағдай кезінде зейнеткерлер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілгендер, АӘК алушылар, көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалардың ата–аналары бюджеттен тыс қаражат есебінен көп реттік маскалармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен оларға бірнеше рет қолданылатын маскаларды тарату қайта басталды. Бұл санатқа 470 мың адам жатады, оның ішінде, Семей қаласы бойынша 104,8 мың дана. Маскаларды тарату 7 шілдеден басталды. АӘК алушылар мен көп балалы отбасылар үшін маскалар отбасының барлық мүшесіне таратылады", - дейді әкімдіктегілер.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети