23 қараша 2020 18:26

Семейде 30 сарбаз ПТР сынағына байланысты пойызға міне алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/zello_semey Фото:instagram.com/zello_semey

30 сарбаз Семейдегі теміржол станциясынан шыға алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда борышын өтеген олар Павлодарға қайтып бара жатқан. 


30 сарбаз Семейдегі теміржол станциясынан шыға алмай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматыда борышын өтеген олар Павлодарға қайтып бара жатқан. 

Оқиға 22 қараша, жексенбіде болған. Олар пойызбен Алматыдан Семей арқылы Павлодарға баруы керек еді. Семейден түскен олар Павлодарға жүретін пойызға міне алмаған, өйткені сарбаздарды ПТР-тестінсіз вагонға кіргізбеген.


Фото:instagram.com/zello_semey

"Олар Алматыдан келе жатыр. Алматы маңында борышын өтеген. Оларды Қызылорда пойызына отырғызған. Семейден Павлодарға дейін басқа пойызға билет берілген. Бірақ оларға бұл пойыз кіргізбеді. Аяп кеттім, біреудің ақшасы немесе қалада туыстары жоқ шығар. Мұның бәрін алдын-ала қарау керек қой. Бұлар - біреудің балалары. Олардың енді қалай жеткені белгісіз", - деп жазады видео авторы.

ПТР сынағынан өту процедурасына сәйкес талдау нәтижесін үш күн күту керек. ШҚО бас санитар дәрігерінің қаулысына сай, коронавирусқа теріс нәтижелі анықтама болмаса, жолаушылар теміржол көлігіне жіберілмейді.

Семей қаласы Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бұл әскери басшылардың қателігі болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің 24-2 қаулысында барлық әскери міндетті мен әскери қызметкердің анықтамасы болуы керек делінген, оларсыз әуе және теміржол көлігіне жіберілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети