15 қыркүйек 2023 15:14

Семейдегі аурухана лифтінде жүкті әйел босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Freepik.com Сурет: Freepik.com

Семейде перинаталдық орталықтың лифтінде аяғы ауыр әйелдер тұрып қалған. Олардың бірі сол жерде босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AbaiNews Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Семейде перинаталдық орталықтың лифтінде аяғы ауыр әйелдер тұрып қалған. Олардың бірі сол жерде босанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AbaiNews Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 3 қыркүйекте 06:00-де болған. Техникалық ақауларға байланысты лифт тоқтап қалды. Ішінде бес аяғы ауыр әйел болған. Сол кезде әйелдердің бірінің толғағы басталған.

Лифтте тұрып қалған тағы бір жүкті әйелдің айтуынша, оның анасы Эльмира Жетпісова осы мекемеде акушер болып жұмыс істейді, бірақ ол сол кезде еңбек демалысында болып, қызының босануына серіктес болып барған. Лифт тоқтап қалғанда жүкті әйелдердің бірінің толғағы басталған, сонда Эльмира Жетпісова оны босандырып алған.

"Анам ерлік жасады. Семейде Перинаталдық орталықта лифт 1 сағатқа тоқтап қалды. Ішінде бір әйелдің толғағы басталды, анам оны босандырып алды. Біз 5 жүкті әйел осы уақытта лифт ішінде болдық", - деді аяғы ауыр әйел.

Матвей есімді ұл бала дүниеге келгені белгілі болды.

Абай облысы облыстық перинаталдық орталық өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Алайда олар әйелді марапаттауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети