22 маусым 2023 11:59

Сенат электрсамокаттар туралы заң жобасын мақұлдады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Сенат депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Осыған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сенат депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Осыған сәйкес электрсамокаттарды реттеу мәселесі шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заң жобасын таныстырған сенатор Евгений Больгерт заңның негізгі мақсаты қалыптасқан құқықтық олқылықты жою және шағын электркөліктердің, сондай-ақ электрсамокаттардың жұмысын заңнамалық реттеуді енгізу екенін мәлімдеді.

Заңнамаға "Жол жүрісі туралы" және "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

"Жол жүрісі туралы" заңда оның техникалық сипаттамалары мен пайдалану тәртібін құқықтық реттеу және жүргізушілер үшін тыйым салулар тізбесін белгілей отырып, "шағын электр көлік" ұғымы енгізілген. "Жол жүрісі туралы" заңы тұжырымдамамен толықтырылған. Максимал жобалық жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын көлік құралы ретінде танылған "электрсамокат" және олардың жүру орындары белгіленді. Сондай-ақ, олардың жүргізушілеріне тыйымдар белгіленді", - деді Больгерт.

Оның айтуынша, электрсамокаттың жүргізушілері велосипедке арналған жолдармен жүреді. Олар болмаған жағдайда заңмен белгіленген шарттар мен тыйым салуларды ескере отырып, жолдың оң жағымен электрсамокаттардың жүруіне рұқсат етіледі. Ол үшін жүргізушінің жасы 18-ге толған болуы керек. Оның басында қорғаныш дулығасы және жарық шағылыстыратын киім және кез келген санаттағы куәлігі болуы керек.

Жаяу жүргіншілер жолында электросамокаттың жылдамдығы сағатына 6 километрден аспауы керек.

"Мәжіліс қабылдаған электрсамокаттар мен шағын электр көліктері жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін, шектеулер мен тыйым салуларды белгілеуге бағытталған заңды бекіту оларды пайдалану бойынша қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп есептейміз. Мәжіліс қабылдаған жеке көлік құралдарын пайдалану тәртібін құқықтық реттеу саласындағы алғашқы қадам. Сонымен қатар, енгізілген заңнамалық жаңалықтарды тәжірибеде сынауды, сондай-ақ электрсамокаттар мен шағын электрмобильдерді пайдалануды реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, алдағы уақытта оларды заңнамалық тұрғыдан шешуді талап ететін бірқатар мәселелер әлі де бар", - деді Евгений Больгерт.

Осыған дейін Мәжіліс депутаттары "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдаған болатын. Бұл құжат бойынша электрсамокат көлік құралы ретінде танылады.

Кейін қазақстандық сарапшылар электрсамокаттарға қандай ережелер мен шектеулер енгізу керек екенін және оларға жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салу керек екенін айтты.

Қазіргі уақытта Парижде электрсамокаттарға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети