11 қаңтар 2024 10:56

Сенат Жоғарғы Сот судьяларын отставкаға жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасымов Ақылтай, Савинова Альфия, Сапарова Айгүл, Исмаилов Ербол. Фото:gov.kz Қасымов Ақылтай, Савинова Альфия, Сапарова Айгүл, Исмаилов Ербол. Фото:gov.kz

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат депутаттары Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын Жоғарғы Сот кеңесінің тТөрағасы Денис Шип оқыды.

"Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы Соттың судьялары Ақылтай Ахмеджанұлы Қасымовты, Альфия Сағдуловна Савинованы, Айгүл Әнуарбекқызы Сапарованы отставкаға кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Жұқатұлы Исмаиловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысын енгіздік", - деді Денис Шип Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, судьялар Савинова мен Сапарова зейнеткерлік жасқа толды, судья Қасымов судья лауазымын атқарудың ең жоғары жасы – 67 жасқа толды.

Депутаттар судьяларды қызметінен босатуға бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети