27 мамыр 2021 10:41

Сенат Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sud.gov.kz Фото: sud.gov.kz

Сенат Жоғарғы соттың судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат Жоғарғы соттың судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Конституциясының 55-бабы 1-тармақшасына және "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 3-тармағына сәйкес, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Шепелева Лариса Аркадьевнаны отставкаға кетуіне байланысты Сенатқа Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босату ұсынылсын деген қорытындыға келді. Қолдауларыңызды сұраймын", - деді Сенат отырысында депутат Владимир Волков.

Депутаттар судьяны қызметінен босатуға дауыс берді.

Лариса Шепелева заң институтын тәмамдаған соң Қарасу ауданының, Қостанай қалалық сотының, облыстық соттың нотариусы, судьясы болды. 2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы - Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының мүшесі болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети