Сенатта ҚҚС бойынша шекті төмендету ұсынылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Бүгін Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар жаңа Салық кодексі жобасын қарау кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу шегін төмендетуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар жаңа Салық кодексі жобасын қарау кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеу шегін төмендетуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов салық-бюджет реформасы аясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістерді баяндады.

"ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 000 АЕК-тен (2025 жылы 78,6 миллион теңге) 10 000 АЕК-ке (2025 жылы 39,3 миллион теңге) дейін төмендету ұсынылады", - деді Мәкежанов.

Комитет өкілі бұл өзгеріс бизнестің бөлшектенуімен күресуге бағытталғанын мәлімдеді, яғни компаниялар белгіленген шектен төмен болу үшін бірнеше заңды тұлғаға бөлініп, ҚҚС төлемейді.

Жаңа Салық кодексін талқылау кезінде Үкімет бұл шекті 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды, бұл бизнес пен сарапшылар арасында қызу дау тудырды. Кейбіреулер бұл қадам шағын бизнестің жұмысын қиындатып, кәсіпкерлерді жалпы салық режиміне көшуге мәжбүр етіп, қосымша әкімшілік және қаржылық шығынға әкеп соғуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Нәтижесінде депутаттар мынадай шешім қабылдады: жаңа шекті 10 000 АЕК деңгейінде белгілеу (2025 жылы 39,3 миллион теңге).

Бүгін сенаторлар Саaлық кодексіне енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда қарастырып жатыр. Заң жобасы мақұлданған жағдайда ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықталады, кейін екінші оқылымға шығарылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer