28 сәуір 2022 13:33

"Сергек" камерасындағы жаңа функция не бақылайды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сергек" камераларында жалған нөмірі бар автокөліктерді анықтайтын жаңа функциясы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Көркем Телеком" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Сергек" камераларында жалған нөмірі бар автокөліктерді анықтайтын жаңа функциясы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Көркем Телеком" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламашылар полицейлер үшін арнайы Sergek Qorgau мобильді қосымшасын әзірледі. Ол патрульдердің планшеттеріне орнатылады. Қосымша қала жолдарында орнатылған "Сергек" камераларымен біріктірілген.

"Сергек" камералары анықтаған құқық бұзушылық деректері осы жедел басқару орталығына келіп түседі. Бұл жерде инспекторлар экипажға көлік туралы ақпарат беріп, қаланың қай жерінде жүргенін бақылап отырады. Бөтен немесе жалған нөмір таққан көліктер жедел басқару орталығында бірден көзге түседі. Инспекторлар олардың әр қозғалысын аңдып, жол-патрульдік полициясына хабарлап отырады", - деді "Көркем Телеком".

Жалған нөмірлерден басқа, Sergek Qorgau қосымшасы қасақана жол ережесін бұзушылар мен жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарды, сондай-ақ іздеуде жүрген машиналарды анықтайды.

"Қосымшаның негізгі функцияларының бірі - қауіпті жүргізушілерді анықтау. "Сергек" камералары арнайы алгоритмдердің көмегімен жолдарда жол апатын туғызатын жүргізушілерді анықтайды. Мұндай жүргізушілер туралы ақпарат операторға беріледі. Бағдарлама олардың орналасқан жерін көрсетеді. Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде полицей мұндай көлікті тоқтатып, шара қолдана алады", - деп қосты компания.

"Көркем Телеком" қосымшаның Qorgau деп аталуы кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті.

"Қорғау" сөзі қазақ тілінде қорғаныш, қорғауды білдіреді. Қосымша азаматтарды ұрылардан қорғауға, жол апаты салдарынан болатын өлімнің азаюына айтарлықтай көмектеседі", - деп атап өтті компания.

Әзірге Sergek Qorgau пилоттық режимде Шымкент пен Алматыда жұмыс істеп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети