Сержант сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген - сот үкім шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ақтауда сержант сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүр етті деген күдікке ілінген. Осы оқиғадан кейін олардың бірі тамақтан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда сержант сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүр етті деген күдікке ілінген. Осы оқиғадан кейін олардың бірі тамақтан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің 3-санатты сержанты, 42 жастағы взвод командирі осы іс бойынша айыпталды. Оның соты Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өтті. Айыптау мәліметіне сүйенсек, медициналық рота аумағын тазарту кезінде сержант жерден темекі тұқылдарын тапқан. Ол қатардағы екі сарбазды шақырып, оларға осы темекі тұқылдарын жеуге бұйрық берген. Сарбаздар оның заңсыз бұйрығына бағынып, темекі тұқылын жеген, ал біраз уақыттан кейін олардың бірі медициналық пунктте тамақтан уланғанына шағымданған.

Мәліметке сүйенсек, бір күннен кейін жатын бөлмесіндегі тәртіпсіздікті ұнатпаған сержант тағы да сол екі сарбазды шақырып алып, олардың біреуін бірнеше рет тепкілеген.

Сотта билікті асыра пайдаланды деген айыпталушы кінәні мойындамаған. Сержант ешкімді темекі тұқылын жеуге мәжбүрлемегенін, ұрмағанын, тек тәртіпсіздік үшін қатардағы сарбаздарға ескерту жасағанын мәлімдеген. Ол өз тарапынан куәгерлер болғанын жеткізді.

Сотта жауап алынған кезде соққыға жығылған сарбаз сержант өзін темекі тұқылын жеуге мәжбүр етіп, ұрды деген айыпты қолдады. Ол әкесіне көгерген жерлері көрінетін суреттер жіберіп көмек сұрағанын жеткізді. Сарбаз айыпталушыны кешірмеді, оны заң бойынша жазалауды өтінді.

Бірақ екінші жәбірленуші сотталушыға ешқандай шағымы жоқ екенін айтты, ол досы соққыға жығылғанын көрмегенін, темекі тұқылына қатысты оқиға болмағанын, бар болғаны бәліштен уланғанын мәлімдеді.

Сот айыпталушының билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәсі толық дәлелденгенін анықтап, оның 2 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, сот сотталушыны жаза мерзімі біткенше жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартуға міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer