03 қараша 2022 11:54

Шахтадағы төтенше жағдай: Премьер-министр тергеу барысы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтадағы апаттың себептерін зерттейтін үкіметтік комиссия құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтадағы апаттың себептерін зерттейтін үкіметтік комиссия құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Ленин атындағы" шахтасында апат болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бес кенші қайтыс болды. Осыған байланысты менің өкіміммен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына уәкілетті министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді", - дейді Премьер-министр.

Үкімет басшысы биыл жазда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға барған кезінде компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқанын есіне алды.

"Үкіметтік комиссияға апаттың себептерін объективті түрде анықтау, жедел мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету тапсырылды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді Смайылов.

Президент "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты.

Смайыловтың сөзінше, үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылған.

Еске салайық, бүгін "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде апат болып, 5 адам қаза тапқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети