Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 15 қыркүйекте автобус пен пойыз соқтығысқан аймақта көпір-өткелін салу бюджетке айтарлықтай шығын алып келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 15 қыркүйекте автобус пен пойыз соқтығысқан аймақта көпір-өткелін салу бюджетке айтарлықтай шығын алып келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл жерде көпір-өткел салу керек. Алайда, дәл осы жерде көпір салу үшін кемінде 70 жеке үйді және екі жанармай бекетін сүру керек. Мұның барлығы айтарлықтай шығын келтірері сөзсіз. Сол себепті осы жерде қосымша құрылғылар орнатылған еді: тек күзет дабылы емес, автокөлік қозғалысын тежейтін құрылғы орнатылған. Оны басып өткің келсе де істей алмайсың", - деді Скляр.
Автобустың теміржол рельсінде қалайша тұрып қалғанын тергеу барысында анықталады.
Соған қарамастан, министр өткел салынатынын айтты.
"Жобалауғ 3-4 ай уақыт жұмсалады. Келесі жылы өткел салуды жоспарлап отырмыз. Қай жерде салу керектігін анықтап алу керек. Өткел қазіргі тұрған жерде салынбайды, басқа жерге түседі. Осы жағдайдан кейін, қауіпсіздік шараларын сақтайтын боламыз. Көліктегі ішкі істер департаментімен бірге осы мәселені жақын арада реттейтін боламыз", - дейді Скляр.
Оның айтуынша, осы аймақта осындай жол апаты бірінші рет болған.
Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды
Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрды. Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қалалық ТЖД мына телефондар бойынша жедел желі ашты: (87282) 220213, 220018