26 маусым 2023 12:35

Шемонаихадағы жарылыстан екі адам қаза тапты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото МЧС РК Фото МЧС РК

22 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаихадағы жанармай құю станциясында жарылыс болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


22 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаихадағы жанармай құю станциясында жарылыс болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі зардап шегушінің денесінің 98 пайызын күйік шалған, жағдайы өте ауыр.

"Дәрігерлер тәулік бойы олардың өмірі үшін күресіп, қолдан келгеннің бәрін жасады, басқарма басшылығы оқиға орнында болды. Әр сағат сайын зардап шеккендердің жағдайы бойынша облыстық және республикалық дәрігерлермен телемедицина жүйесі бойынша кеңестер өткізілді. Зардап шеккендер 48 сағаттан кейін қайтыс болды. Мұндай күйік дәрежесімен адамдар әдетте бір күннен кейін қайтыс болады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

22 маусымдағы жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі науқас ауруханада ем алып, сауығып келе жатқаны айтылды.

Еске салайық, 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаихадағы газ қоймасы жарылған болатын. Өрт бес техниканы шарпып, ауыр күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети