15 қыркүйек 2016 12:44

Шенеуніктер ата-аналардың наразылығын тудырған сауалнамадағы сұрақтарға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infobusiness2.ru © infobusiness2.ru

Алматы қалалық білім басқармасындағылар алматылық ата-аналардың наразылығын тудырған сауалнамадағы сұрақтарға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық білім басқармасындағылар алматылық ата-аналардың наразылығын тудырған сауалнамадағы сұрақтарға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз былтыр сауалнамаға жұмыс орны, материалдық жағдай немесе мектепке қандай да бір көмек көрсету жайлы сұрақтарды енгізуге тыйым салған болатынбыз. Бұл сұрақтар мүлдем керек емес. Қазір біз тағы қай мектептерде осындай сауалнамалардың толтырылып жүргенін анықтап жатырмыз. Біз барлық ауданның басшыларына сауал жібердік. Мектептерде ақша жинауға тыйым салынды. Біз бұл туралы ескерттік. Білім министрлігінің өкілдері де, министрліктегілер де мұндай мазмұндағы сауалнамаларды берген жоқ", - деді Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлбану Әміртаева.

Еске салайық, Алматылық гимназиялардың бірінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары сауалнамадағы кейбір сұрақтарға наразылық танытқан болатын. Ата-аналарының бірінің айтуынша, 12 қыркүйекте оқушыларға сауалнама толтыру міндеттелген. Cауалнамадағы соңғы сұрақтардың бірінде отбасының материалдық жағдайы жайлы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары мектепке қандай көмек көрсете алатыны жайлы сұрақтар кездескен. Жауап ретіндегі нұсқалардың бірінде ата-ана түрлі-түсті принтер, компьютер құрылғыларын алып бере алады деген жауап болса, бірінде ата-ана мектептен тыс шараларды ұйымдастыруға көмектесіп, көлікпен қамтамасыз ете алады деген жауаптар болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети