Шерзат Болат ісі: сот үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Ержан Жанұзақовтың сөзінше, процесті талқылауға, тергеу мен соттың жұмысына баға беруге жол берілмейді. Бұл сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін.

"Әлеуметтік желілерде блогерлер мен сот процесіне ешқандай қатысы жоқ басқа азаматтар жеке пікір білдіріп, тергеу әрекеттері мен сот процесінің барысына субъективті баға беріп жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын еске саламыз. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады", - деді судья.

Ол сот процесі аяқталғанға дейін, үкім шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін сот процесіне пікір білдіру, құқықтық баға беру заңсыз екенін мәлімдедіі.

"Сот істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық тексеруге, айыптаушы тараптың да, қорғаушы тараптың да дәлелдерін тексеруге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз және объективті болуы керек, процестің нәтижесіне жеке қызығушылығы болмауы керек және үшінші тұлғалардың ықпалына түспеуі керек. Сот бейтарап төреші ретінде әрекет етеді және тек заң негізінде шешім қабылдайды", - деді ол.

Қазір процесс сот тергеуі сатысында. Соңғы үкім әлі шығарылған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.57  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer