Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Шешім қабылдамас бұрын халықпен ақылдасу керек - Назарбаев

26 Сәуір 2016, 16:30
0
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы кезінде тіл туралы заңды бұзбауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

"Бұған дейін мен мемлекеттік органдарға азаматтарға сауал жолдаған тілде жауап беру туралы ескерту жасаған болатынмын. Менің тапсырмам бойынша Бас прокуратура орталық, жергілікті органдарда тексеру жүргізді. "Ақпаратқа қол жеткізу" туралы заң қолданысқа енген алғашқы үш айдың ішінде мемлекеттік органдардың сауал жолданған тілде жауап беру бөлімі бойынша заң 79 рет бұзылған. 29 заңбұзушылық әкімдіктер тарапынан болса, 50 заңбұзушылық министрліктердің аймақтық бөлімдері мен ведомстволардан анықталды. Тағы да ескертемін, достар-жолдастар, заңды сақтаңыздар", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Бас прокуратура анықтаған заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

"Бұл мәселені мемлекеттік органдардың жетекшілері үнемі жеке бақылауында ұстау керек. Елорда, Алматы және облыс әкімдері EXPO-2017 көрмесінің өтуіне байланысты барлық ақпараттың үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Азаматтардың теңдігі мен ұлтаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын сақтау мәселесінде ұсақтық болмауы керек", - деді Назарбаев.

"Біз барлық заңды және кез келген шешімді халықтың игілігі үшін қабылдаймыз дейміз, олай болса шешім қабылдамас бұрын халықпен ақылдасу керек. Оларға ұнай ма, жоқ па анықтау керек. Егер халық түсінбей жатса, оны түсіндіріп беру керек", - деді ол.

"Қазақстан әрбір азамат үшін жайлы болуы тиіс, сонымен қатар, бастысы ұлт емес, азаматтық екенін тағы айтқым келеді", - деді Президент. Оның айтуынша, азаматтық - елдегі барлық азаматтың бір заңмен өмір сүріп, сол заңға бағынуы.

"(...) Рим империясында ұлт емес, азаматтық болды. "Ұлт" сөзі латын тілінен аударғанда "туылған" деген мағына береді. Ал біз оны неге айналдырып жібердік? (...) Мен біздің ұрпағымыздың ғаламшардағы барлық адамдардан тәлім алғанын қалаймын, ал бұл осыннан, еліміздің ішінен басталады", - деді Мемлекет басшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай