27 ақпан 2023 12:00

Шетел азаматтарын жасырғаны үшін қанша қазақстандық жазаланды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі шетел азаматтарын жасырғаны үшін қанша қазақстандық жазаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі шетел азаматтарын жасырғаны үшін қанша қазақстандық жазаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 ақпаннан бері елімізде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу дерегін анықтауға бағытталған "Мигрант" операциясы жүргізіліп жатыр.

"Шетелдіктер жасаған құқық бұзушылықтарды талдау олардың елге заңды түрде кіретінін көрсетеді. Алайда, кейбір жағдайларда олар көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарынан табылды және оған Қазақстан азаматтары көмектеседі. Бұзушылықтардың едәуір бөлігі шетелдіктерді рұқсат құжаттарын алмай жұмысқа тартумен байланысты. Мысалы, Алматы, Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз еңбек еткен 95 шетелдік анықталды. Құрылыс нысандарында шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдалану фактісі Астана, Шымкент қалаларында, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында да әшкереленді", - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сондай-ақ Атырау облысында шетелдік жұмыс күшін бірнеше рет заңсыз тартқан жұмыс беруші анықталған. Оған қатысты ҚР ҚК 395-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети