Шетелдік әйел шекарадан 84 литр алкоголь өткізбек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік әйел шекарадан 84 литр алкоголь өткізбек болған Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шетелдік әйел кедендік шекара арқылы 84 литр алкоголь өнімін заңсыз өткізбек болған. Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық сотында тиісті іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шетелдік әйел кедендік шекара арқылы 84 литр алкоголь өнімін заңсыз өткізбек болған. Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық сотында тиісті іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Шетелдік Ю. есімді әйелге ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы тауар тасымалдау ережелерін бұзды деген айып тағылды.

Анықтама: ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабы, "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау".

Сот 20 сәуірде Бейнеу станциясындағы шекаралық бақылау кезінде шетелдік Ю. есімді әйелдің № 329 Душанбе – Волгоград бағытындағы халықаралық жолаушылар пойызының№ 4 вагонында болғанын анықтады.

"Ол ЕАЭО және Қазақстанның кеден заңнамасында белгіленген тыйымдар мен шектеулерді бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы 84 литр алкоголь өнімін заңсыз өткізген. Ю. есімді әйелдің кінәсі оның түсініктемелері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және іс материалдарымен толық дәлелденді", - деп хабарлады сот.

Жаза тағайындау кезінде сот кінәсін мойындау мен өкінуді жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот шешімі

ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабында әкімшілік құқық бұзушылық нысаны болған тауарларды тәркілей отырып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Сот Ю. есімді әйелді кінәлі деп танып, оған 64 875 тенге көлемінде айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 470.17   555.21   6.47 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер