17 тамыз 2022 09:01

Ішкі істер министрінің бұйрығымен екі оқу орнының басшылары жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің екі ЖОО басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігінің екі ЖОО басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ІІМ жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.

"Тексеру Ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығы сапалы, тиімді оқу мен оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүргізілмегенін көрсетті.

Бұған қоса оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған.

Бұған академия мен институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын дұрыс орындамауы себеп болған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети