15 желтоқсан 2020 09:12

ШҚО-да құдыққа түсіп кеткен әйел құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 желтоқсанда Өскеменде қала тұрғыны ашық тұрған құдыққа түсіп кеткен. Ол өздігінен шыға алмаған. Бірнеше сағат бойы тұрып, көмек сұраған әйел адамды тұрғындар құтқарып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


12 желтоқсанда Өскеменде қала тұрғыны ашық тұрған құдыққа түсіп кеткен. Ол өздігінен шыға алмаған. Бірнеше сағат бойы тұрып, көмек сұраған әйел адамды тұрғындар құтқарып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"Біз үйдегі бала-шағамен отырып біреудің айғайлап жатқанын естіп, дауыс коммуналды құдық жақтан шығып жатқанын түсіндік. Бұл сұмдық қой! Құдық терең, ол жерден үлкен адам да өздігінен шыға алмайды", - дейді Юлия Шереметьева. 

Ол көршілерін шақырып, ұзын сатыағаш алып келіп, әйел адамды құтқарып алған.  

Құдыққа түсіп кеткен әйел адамның сөзінше, ол үш сағаттай сол жерде болған. Жан-жағында адамдардың өтіп бара жатқанын байқап, айғайлағанымен, көмекке ешкім келмеген. 

Құдық көктемнен бері ашық тұрған. Ол ауданда осы секілді қауіпті бірнеше жер бар екен. Жергілікті тұрғындар құдық тұрған жерлерді айналып өтеді. Мысалы, қала тұрғындарының сөзінше, Школьная көшесінде алты ашық құдық бар.   

Жағдайға қатысты қалалық ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді:

"Кузнечная көшесіндегі люктер 2020 жылдың жаз мезгілінде табылды. Болжам бойынша, люктер ұрланған. Құдықтарды жабу бойынша шара қабылданады", - деді ТКШ бөліміндегілер. 

Артынша басылым редакциясына қала тұрғындары сурет жіберген. Ашық тұрған құдық шинамен жабылған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети