1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ШҚО-да нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр 20 наурыз 2021, 14:13

Шығыс Қазақстан облысында Наурыз қарсаңында жаңа туған сәбилер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Шығыс Қазақстан облысында Наурыз қарсаңында жаңа туған сәбилер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндайды Аягөз ауданаралық ауруханасы Наурыз қарсаңында мерекелік көңіл-күй үшін ұйымдастырған.

Қазақша киінген алғашқы бес сәби үйіне жіберілді. Олар 16 наурызда дүниеге келген, екеуі Үржар ауданынан, үшеуі Аягөз ауданынан.

"Екінші сәбиімді дүниеге әкелу үшін Аягөз ауданаралық ауруханасына келдім. Шығарып салу кезінде дәрігерлердің қазақша киіммен келгені, балаларымызға ұлттық нақыштағы киім сыйлағаны, ал үлкендерге Наурыз көже бергені күтпеген жағдай болды", - дейді Үржар ауданының тұрғыны Саяжан Сәрсенғали.

Медициналық мекеме өкілдері сәбилерге арналған киім санитарлық талаптарға сәйкес зарарсыздандырылғанын хабарлады.

Аягөз ауруханасында босанған әйелдерді барлық мереке күні дәрігерлер осылай шығарып салады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!