27 ақпан 2017 15:25

ШҚО-дағы тікұшақ апаты: Депутат халықпен кездесуге бара жатқан болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Шығыс Қазақстан облысында құлаған жолаушылар тікұшағында болған Айтқали Ақбаев - Аягөз аудандық мәслихатының депутаты және жергілікті жанармай қоймасының басшысы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты қалалық мәслихаттың өкілдері растады. Әріптестерінің пікірінше, депутат тұрғындармен кездесуге тікұшақпен аттанған болуы мүмкін. 

ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, тікұшақты П. Устинов басқарған, ал тірі қалған жолаушы 1972 жылы туған Айтқали Ақбаев екен. Дегенмен, департаменттегілер депутаттың жекеменшік тікұшақпен қандай мақсатта ұшқанын нақты айта алмай отыр. Қазіргі кезде ол ауруханаға жатқызылған және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Иә, бұл ақпаратты растаймыз, тікұшақ бортында біздің депутат болды. Мен оның әйелімен сөйлестім, қазір оның жағдайы жақсы. Өзімен тілдесуге мүмкіндік болмады. Оның қандай мақсатта ұшқанын білмейміз, демалыс кезі болатын. Мүмкін тұрғындармен кездесу болған шығар, депутаттар үнемі халықпен жұмыс істейді. Полиция болған жайт туралы одан мән-жайды сұрады ма, жоқ па одан да хабарсызбыз", - дейді Tengrinews.kz тілшісіне Аягөз аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі Айгүл Тұрбаева.

Атқали Ақбаев пен оның әйелінің телфоны өшіп жатыр.

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети