11 шілде 2020 16:20

Ішімдік ішіп көлік жүргізген бес атыраулық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: pixabay.com Иллюстрациялық сурет: pixabay.com

Атырау полицейлері ішімдік ішіп көлік тізгіндеген бес жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Атырау полицейлері ішімдік ішіп көлік тізгіндеген бес жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

10 шілдеге қараған түні Атырау қаласы аумағында бес жүргізуші мас күйінде анықталды. Олардың екеуі 1982 жылы туған және 1998 жылғы әйел адамдар. Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушілердің ішімдік ішкендері расталды. 

"Ішімдік ішкен жүргізушілерге қатысты ҚР ƏҚБтК 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды. Ал, 1995 жылғы ер адамның бұған дейін жүргізуші құқынан айырылғаны анықталып, оған қатысты ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Камза Үмбетқалиев 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлікті мас күйде жүргізгені үшін жаза күшейтілгенін ескертті. Бұл 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" туралы заңға сәйкес.

"Мұндай заң бұзушылар жол-көлік апатын жасамай-ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, жеті жылға дейін жүргізуші құқығынан айырылады.

Аталған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру сегіз жылға дейін ұзартылады", - деді ол.

Атыраулық полицейлер осы күні, қалада карантиндік шектеу шараларын бұзғаны үшін бес автокөлік жүргізушісін анықтап, оларға қатысты жинақталған құжаттарды тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети